Биыл мемлекетте ұлттар татулығы мен бірлігін жаңа деңгейге көтеретін ерекше мереке пайда болды. 1 наурыз Елбасының Жарлығымен Алғыс айту күні болып бекітілді. Алғыс айту мерекесін қуана қарсы алған түрлі ұлыс өкілдері бұл мереке Қазақстан халықтары арасындағы татулықтың жаңа сатысы болып табылады. Қазір елімізде 140-қа жуық ұлыс және 17 діни өкілдері тұрады. Бүгінде бәрі бір шаңырақ астында тату тәтті ғұмыр кешуде. Осы күнді мерекелеу аясында Смирнов ауылдық кітапханасында «1 Наурыз – Алғыс айту күні» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында Н.Ә. Назарбаевтың құттықтау сөзімен презентация ұсынылды. «Бұл күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деді.
Іс-шара мақсаты: халықтың бір-біріне деген мейірімі мен жылулығын ояту, бейбітшілік пен достық құндылықтарын бағалай білуге үйрету болып табылады. |