Жеңіс күні – ерекше күн. Жеңіс күні қанша уақыт өтсе де ұрпаққа ең ыстық мейрам болып қала береді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні - соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп, олардың жауынгерлігіне және ерліктеріне тағзым ететін күн.
9 мамырда Станционный ауылдық кітапханасында Ұлы Отан соғысына қатысып, қаза тапқан жерлестерімізді еске алуына арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Сол сұрапыл соғыстан туған ауылымызға 221 адам қайтып келген жоқ. Көрмеде қатысушылардың назарына фотосуреттер, майданнан келген хаттар ұсынылды. Көрме мамыр айының соңына дейін жұмыс істейтін болады.
...
Читать дальше »