Қарашаның жетісінде мектептегі күзгі демалыс уақытында Наука ауылдық кітапханасында кітапхананың белсенділерімен библиографиялық сабақ өткізілді. Сабаққа кіші және орта буын балалары қатысты. Балалардың барлық назары кітап көрмелеріне, тақырыптық сөрелерге, кітаптардың сөрелерде орналасу мен дұрыс қойылуына аударылды. Кітапханашы Роза Жаксылыковна кітапхана қорынан әдебиетті пайдалана отырып кітап көрмелерін ұйымдастыру туралы, қалай кітап көрмелері оқырмандарға керек кітапты таңдап алуға көмектесетіні туралы әңгіме жүргізді. Балалар белсенді қатысып алты турдан өтті. Біріншісі- сұрақтарға жауап беру, екіншісі – сиқырлы сандықта не бар екені айту, үшінші тур – кітаптың құрылысы туралы не білесіңдер, төртіншіде қажетті кітапты сөреде табу, бесіншіде – суреттерге сөз тіркестерін тап және ең соңғысы- кітап және тақырыптық көрмелердің атауларын атап өтіңдер.
...
Читать дальше »