15 сәуірде Святослав ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қостанай облысының 85 жылдығына орай өлкетану тақырыбына «Менің туған ауылым» презентация дайындап дөңгелек үстел өткізді. Презентацияда кітапханашы ауылдың пайда болу тарихы, жерлестер- еңбек ардагерлері, мектептің тарихы туралы қызықты материал ұсынды.
Презентациядан кейін балаларға «Менің отбасымның тарихы» рефератта кітапханашы Шиманская Ольга Федоровна өзінің атасы, соғыс ардагері Периг Вячеслав Леонидович туралы әңгіме жүргізді. Іс-шара қатысушыларына туған ауылдың тарихы туралы қызықты ақпарат ұнады.