Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында 29 сәуірде Смирнов ауылдық кітапханасында «Отанымыз Қазақстанда тату-тәтті ғұмыр кешуді жөн көреміз» атты викторина өткізілді. Бұл ынтымақ, достық, келісім мерекесі. Мерекенің пайда болу тарихы туралы презентация көрсетіліп, түрлі ұлттардың орыстар, қазақтар, өзбектердің мәдениеті, тарихы мен салт-дәстүрлері туралы викторина көрсетілді. Іс-шараның мақсаты достық пен ынтымақ мерекесінің маңызын түсіндіру, достыққа, татулыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болып табылады.