11 мамырда Боскөл ауылдық кітапханасының кітапханашысымен Балалар өнер мектебінің бастауыш және орта буын оқушылары үшін «Жылдар өте келе соғыстың жаңғырығы» атты ерлік сағаты өткізілді. Іс-шарада балаларға Ұлы Отан соғысы туралы, Жеңіс үшін өмірлерін қиған Қазақстанның Батырлары туралы ақпарат берілді. Оқушылар өлең оқыды, «Шекара» би биледі. Одан басқа балаларға Ұлы Отан соғысы туралы көркем әдебиет ұсынылды. Оқушыларда патриоттық ұстанымды қалыптастыру, өз Отанына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу.