7 шілдеде Боскөл ауылдық кітапханасында орта және жоғары сынып оқушылары үшін «Астана – қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы» атты презентация ұсынылды. Іс-шара барысында кітапханашы оқиғалардың негізгі даталарымен қатысушыларды таныстыру баяндамасымен бастап, Қазақстан қалалары туралы викторина өткізді. Іс-шара мақсаты - Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, өз Отанының тарихына қызығушылықты арттыру, Қазақстан Республикасының астанасының көз тартарлық орындарымен, Астана жетістіктерімен таныстыру болып табылады.
|
2016 жылғы 06 шілдеде Қарабалық аудандық кітапханасының қызметкерлері аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерімен бірлесіп «Астана – жаңа қала!» атты аудандық мерекеге қатысты. Мереке қатысушылары үшін кітап көрмесінің алдында ретроспективті шолу ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері «Кітаппен серуенге шығу» станциясын ұйымдастырды, станциядада өткізілген «Астана – Еуразия жүрегі» конкурстық – ойын сауық бағдарламасы 4 станцияға бөлінді: 1. «Көңілді шарлар», 2. «Көз тартарлық орындар алаңы», 3.«Тілектер күні», 4. «Ертегілердің беттері бойынша» және «Ұтылыссыз лотерея». Мереке қатысушылары барлық тапсырмаларды көңілді орындады
...
Читать дальше »
|
Научный ауылдық кітапханасының кітапханашысы АМҮ қызметкерімен бірлесіп 2016 жылғы 5 шілдеде «Астана – арман қала!» экспресс экскурсияны өткізді. Патриоттық сезімдерді қалыптастыру, Қазақстан астанасы туралы білімдерді кеңейту - іс-шараның мақсаты болып табылады. Жүргізушілер Роза Жаксылыковна, Руслан Имамбакиев балалармен бірге Қазақстан қалаларына саяхат жасады, конкурстарға қатысты, Анар Думалакова мен Наташа Ковалева орындаған әндері бәріне көңіл көтерді. «Күн сәулелері» ерекше орындалған шығармашылық жұмысқа балалар қатысып өз алақандарын бояуға батырып плакатта суреттерін қалдырды. Қорытындысында барлығы қосылып хормен «Мен қазақпын», «Здравствуй столица» әндерін орындады.
|
2016 жылғы 5 шілдеден Есенкөл ауылдық кітапханасында оқырмандар үшін Астана күніне арналған «Астана – бас қала» атты ақпараттық сағат өткізілген. Астананың көз тартарлық орындарымен және тарихымен таныстырған іс-шара қонақтарына презентация ұсынылды және викторина ұсынылды. «Еуразия жүрегі» тақырыптық сөреде кітаптар ұсынылды. Іс-шара мақсаты: қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, белсенді азаматтық ұстанымды, құқықтық мәдениетті, өз еліне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, оқырмандардың ой өрісін дамыту, өз Отанының тарихына қызығушылықты арттыру.
|
5 шілдеде Астана күні қарсаңында Надеждин ауылдық кітапханасында орта және жоғары сынып оқушылары үшін «Станциялар бойынша саяхат жасау» атты ойын сауық іс-шара жасалды. Астананың, еліміздің тарихымен, архитектурасымен таныстыру, топпен жұмыс жасау – іс-шараның мақсаты болды. Саяхат болғандықтан іс-шара жергілікті ауылдық клубтың ауласында өтті. Қатысушылар екі топқа бөлінді, кітапханашыдан маршруттық парақтарды алып өз саяхатын бастады. Жарыс қызу болды, әр топ алға шығуға, соңғы станцияға және жеңіске бірінші жетуге тырысты. Бірақ ең негізгісі бірінші келу емес, жүргізушінің және оның көмекшісінің сұрақтарына дұрыс жауап беріп көп ұпай жинау. Жеңімпазд
...
Читать дальше »
| |