Жас белсенділер – Научный ауылдық кітапханасының оқырмандары, «Ізбасар» клубының мүшелері Научное ауылындағы неміс мәдениетінің мұражайына экскурсияға барды. 4 қарашада Научный ауылдық кітапханасының кітапханашысы мен балаларды мұражай жетекшісі Хамко Т.А. қарсы алды. Татьяна Адамовнаның әңгімесінен балалар көп қызықты ақпарат алды. Алғашқы неміс қоныс аударушылар алдыңғы ғасырдың 80-нші жылдарында Поволжье және Ресейдің еуропалық бөлігінен келген шаруалар болған деп мұрағат құжаттары мәлімдейді. Олар қазіргі Қостанай облысының аумағында жер үлесін алған. Научныйда тұрып жатқан неміс халқы өз мәдениетін сақтауға және дамуына зор үлес қосады. О
... Читать дальше »
Мереке қарсаңында Научный ауылдық кітапханасының кітапханашысы Думалакова Р.Ж. «Қазақстан тарихы білгірлері» танымдық турнир өткізді. Бұл тақырып кездесоқ таңдалған жоқ. Өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып Өз Отанын сүйетін әр адам өз халқының тарихын, Президентін білуге тиіс, болашаққа сеніммен қарап алдына мақсаттарды қою.
21 қарашадан бастап 1 желтоқсанға дейін Научный ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Қазақша сөйлейік!» атты акциясын өткізді. «7+7» дүкенінде екі тілде жазылған өнімдермен карточкалар сатып алушыларға таратылды. Балабақшада балалар ертегілік сандықтан мемлекеттік тілде жазылған ойыншықтар мен заттардың атаулары жазылған карточкаларды алды. Ауылдық кітапханада қазақ жерінің атақты ақындардың өлеңдері оқылды және мемлекеттік тілді білуге білімдерін тексеру үшін блиц –турнир өткізілді. Оқырмандар шағын диалог түрінде екі тілде тілашармен пайдалана білуін көрсетті. ... Читать дальше »