2016 жылғы 6 желтоқсанда мұрағат қызметкерлері және шақырылған қонақтары үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Нұрсұлтан Назарбаев - Ұлт көсемі» тақырыбына іс-шара өткізілді. Іс-шараны Орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары А.Горшенина және А. Каймусина ұйымдастырып өткізді. Іс-шара қонақтарына Қазақстан Республикасының Президентінің өмірбаянымен және саяси жолымен таныстырған ақпарат ұсынылды. Тәуелсіздік жолында еліміз әлемдік қауымдастықта экономикасы дамыған, қазіргі заманғы өркениетті мемлекет ретінде қалыптасқаны туралы әңгіме жүргізілді. Сонымен, негізгі назар Ұлт көсемінің саяси өміріне аударылды. Іс-шара соңында «Біздің Президентіміз туралы не білеміз?» атты фото-викторина өткізілді.
...
Читать дальше »