«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Әндетіп, гүлдене бер Қазақстаным» қазақ әндерінің фестивалін өткізу барысында аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері «Танысып қойыңыз – Жаңалық!» атты көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде кітапхана қорынағы жаңа басылымдар ұсынылды. Библиограф Д.Е. Аманжолова көрмеге шолу жасап, қонақтарды жаңа басылымдармен танысуға шақырды.Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың «Времён связующая нить» кітабына ерекше назар аударылды.... Читать дальше »
Кособа ауылдық кітапханасының кітапханашысы Т.В.Ибраева ауыл тұрғындарының арасында қазақстан қоғамында кең талқыланатын латын әліпбиі мен бүгінгі күнде бекітілген жаңа алфавитпен таныстыру сияқты түсіндіру жұмыстары жалғастырылуда. Осы жолы кездесу почтадағы зейнеткерлерге зейнет ақы берген кезде өтті. Татьяна Вячеславовна біздің республикамыздағы латын әліпбиіне көшу жүйелі болатынын айтты. Үкімет қазақ тілінің латын графикасын енгізу бойынша жұмыс тобын құратын болады. Жұмыс тобы 2025 жылға дейін латын алфавитіне кезең-кезеңмен көшу бойынша қадамдар жоспарын әзірлейді.Бүгінде қазақстандықтар, әсіресе жастар, күнделікті тәжірибеде латын графигін белсенді пайдаланады.