Святослав ауылдық кітапханасында "Бір ел – бір кітап" акциясы бойынша кітапханалық сабақ өтті. Ольга Федоровна сабақты акцияның шығу тарихынан бастады, "Бір ел - бір кітап" қазақстандық жобасының идеясы АҚШ - та кеңінен танымал "Бір кітап-бір Чикаго" және "Егер Бүкіл Сиэтл бір кітапты оқыса" кітапханалық жобаларына негізделгендігі туралы айтты. Акцияның мәні-бүкіл қала бір уақытта бір әдеби шығарма оқиды. Қазіргі уақытта "Бір ел-бір кітап" жобасының идеясы көптеген елдерде және Қазақстанда кеңінен таралған. О. Ф. Шиманская қатысушыларды жыл кітаптарымен таныстырды: Әбіш Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романымен және Әбділда Тәжібаевтың поэзиясымен. А. Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романы
... Читать дальше »