12 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қарабалық аудандық кітапханасында «Латын әліпбиіне көшу – мемлекеттік міндет» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Сонымен қатар кітапханашы Д.Ергарина жаңа әдебиеттермен таныстырып, латын әліпбиіне көшу - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттарының бірі екенін, қазақ тілінің ақпараттық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігі мен қауіпсіздігін нығайтаттыны жөнінде ақпарат берді.