6 қазанда Қарабалық аудандық орталық кітапханасында "Парасат Жолы" жобасы аясында "Мемлекет және адам: мүдделер қақтығысы" жобасы аясында Қарабалық ауданы әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.О. Ескиндировамен кездесу өтті. Әңгімелесу барысында Жанат Оразалықызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған адалдық, парасаттылық, әділдік қағидаттарын қалыптастыру, сондай-ақ қажетсіз әкімшілік кедергілерді және сұратылған құжаттардың тізбесін қалай қысқарту керектігі туралы айтып берді.