Тоғызақ ауылдық кітапханасы дәстүрлі түрде «2024 жылдың алғашқы оқырманы» акциясын өткізді. Акция –оқырмандарды кітапханаға тартудың бір түрі, кітапхана жарнамасы болып табылады. Жаңа жылдық демалыста бірінші оқырман болуға, сыйлық алуға, сүйікті кітабыңызды алуға және қысқы кештерде кітап оқуға тамаша мүмкіндік бар. 3 қаңтарда қысқа демалыстан кейін Тоғызақ ауылдық кітапханасы есігін айқара ашып, оқырмандарын қайта тіркей бастады.
Кішкентай белсенді оқырмандар Меркурьева Ева мен Инга анасымен бірге бірінші болып келді. Ева жетінші сыныпта оқиды, кітап оқығанды ұнатады, сонымен қатар «Поделки и посиделки» клубының мүшесі.
Акция күні Меркурьевтер отбасы жаңа жылдық тәтті кулек алды, біз келген әр оқырманға қуанамыз, кітапхана есігі оқырмандарға әрқашан ашық. |