Қысқы мерекелер мен ойын-сауықтар —көңілді әрі қызықты. Алайда, қыстың кешінде қызықты кітап оқу рахатына ештеңе жетпейді! Қарабалық орталық аудандық кітапханасында «Жаңа жылдың алғашқы оқырманы!» акциясы дәстүрге айналды. Бұл акция жаңа оқырмандарды тартуға және кітапханада жағымды атмосфера құруға бағытталған. Жаңа жылдың бірінші жұмыс күнінде кітапханаға келген алғашқы оқырман Энгельман Нина Николаевна болды, ол 2012 жылдан бері кітапханамыздың оқырманы. Нина Николаевнаға сыйлық табыс етілді және зор денсаулық, табыс және мүмкіндігінше ары қарай да біздің тұрақты оқырманымыз болуын тіледі!