Халықаралық ана тілі күніне орай Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері Қарабалық ауданы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығымен бірлесіп «21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні» атты іс-шара өткізді. Іс-шараға Мәдениет саласының қызметкерлері мен Қарабалық ауданы Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Іс-шараға қатысушылар әртүрлі тілдердегі жұмбақтар мен частушкаларды қызығушылықпен шешіп, өз есімдерінің мағынасын түсіндірді. Ана тілінде дұрыс сөйлеу және жазу –бұл өз ойларын білдіре алу, сондықтан ана тілін білу және қорғау керек, мақтаныш сезімімен ардагерлер кеңесінің әйелдері туған тіл туралы өлең оқыды. |