Бүгін Поделки и посиделки» балалар шығармашылық клубының қатысушылары үшін Тоғызақ ауылдық кітапханасында Жаңа жылдың басты атрибуты – Ақшақарды жасау бойынша шеберлік сыныбы өтті. Қағаз бен матадан Ақшақар жасау қиын емес.
Денесі ретінде картонды конус түрінде орап, желімдеу жеткілікті. Ақ матаны сопақша етіп қиып алып, оған көз, ерін мұрын салыңыз. Жіптерден тоқылған өрімдер «басына» бекітіліп, бастың үстіне помпонмен қалпақ кигізілді. «Тонының» барлық бөлшектері желіммен бекітілді. Кішкене шыдамдылық пен қолөнер, міне мерекеге де дайын! Қыздар өздерінің «Ақшақарларына» ерекше сұлулық беріп, шығармашылық қиялдары мен ептіліктерін қосу арқылы күткендерінен әдемі болып шықты. |