
Есенкөл ауылдық кітапханасында балаларға арналған «Абай – ұлы ақын» атты шара өткізілді.
Кездесудің мақсаты – жас ұрпақты қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасымен таныстыру.
Кітапханашы балаларға Абайдың өмірі мен шығармашылығы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесі туралы айтып берді. Ақынның табиғатты, еңбекті, білімді, адами қасиеттерді, рухани құндылықтарды дәріптейтін өлеңдеріне ерекше мән берілді.
Балалар Абайдың өлеңдерін қызығушылықпен тыңдап, өздеріне ұнаған жолдарды мәнерлеп оқып, естіген шығармаларының мағынасын түсіндіріп айтты.
Іс-шара тамаша көңіл-күйде өтіп, мәдени мұраға деген құрмет пен әдебиетке қызығушылықты қалыптастыруға ықпал етті. |