Қарабалық аудандық орталық кітапханасында «Парасат жолы» жобасы аясында ақпан айында балалар кітапханасының меңгерушісі Р.Р. Федановамен «Адал адам, қандай адам?» әңгімелесу-диалогы өткізілді. Әңгімелесу барысында кітапханашы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюдың маңыздылығы туралы айтылды. Р.Р. Феданова әдептілікті, адалдықты, ең бастысы, мейірімділікті жас кезінен бастап өз бойында дамыту керек екенін, шынайы, әділ болуға және игі істер жасауға ұмтылу керек екенін түсіндірді. Қорытындылай келе, Роза Рашитовна жас ұрпаққа мейірімділік пен ашықтықты өмірде серік етуді тіледі. |