23 ақпан күні Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қабырғасында "Парасат жолы" жобасы аясында Абай Құнанбаев атындағы ЖББМ тарих пәнінің оқытушысы Борис Сергеевич Колесниковпен адалдық сағаты өткізілді. Әңгіме барысында Борис Сергеевич адалдық, парасаттылық, әділдік, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қазіргі әлемдегі басты проблемалардың бірі екенін айтты. Сондай-ақ, адамдардың бұл мәселеге қатынасы туралы атап өтті. |