Кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың 100 жылдығына орай Станционный ауылдық кітапханасында оқырмандар үшін "Адам – дәуір, Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев" атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Онда: "Менің уақытым туралы", "Естеліктер" және басқа да кітаптары ұсынылды. Кітаптарда Дінмұхамед Ахмедұлының жеке басының қалыптасу кезеңі, оның туған жерінің дамуына қосқан баға жетпес үлесі сипатталған. |