21 шілде де аудандық орталық кітапхананың оқу залында әдеттегіден ерекше Сыпайылық және Мейірімділік жарыс – турнирі өтті. Балалар әр түрлі байқауларға қатысты. Бұл жарысты мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап кітапханашы Б. Мендибаева дайындады және өткізді.
Мейірімділік таңғажайып нәрсе. Ол жақындатады, жалғыздықтан, жағымсыз ренжісулерден құтқарады. Мейірімділік – бұл адамның барлық адамдарға толық бақыт беру талпынысы. Сыпайылық – бұл жұрт алдында өзіңді ұстай білу, басқалардың сенімен қарым – қатынысының жағымды болуы. Мейірімділік тақырыбы «Поле чудес» ойынынан да өтті.
Іс-шара қызықты, жылы шырайлы, достық жағдайда өтті, достық туралы караоке әндер орындалды.
Орталық аудандық кітапхана қызметкерлері балаларға іс-шараға қатысқандары үшін алғыстарын айтып, тәтті тағамдармен шай ішумен аяқталды. |