Облыстық кітапхананың оқу залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толуына арналған портрет кеші жоспарланып өткізілді. Іс-шараға аудандық мектептердің оқушылары, мұғалімдері және орталық облыстық кітапхананың оқырмандары қатысты. Ақын, ағартушы, қазақ жызуының негізін салушы, жазушы, аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау – бұның барлығы естелік кешінде айтылды. Аудандық кітапхананың кітапханашылары ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстырды, оқушылар мен оқырмандардың орындауындағы өлеңдер оқылды. Іс-шара барысында ақынның өмірі туралы бейнероликтер мен презентациялар жүргізіліп отырды. «Халықтың Ұлы ұстазы» атты кітап көрмесі және әдеби шолу өтті. Іс-шараға 50 адам қатысты.
|