"Рухани жаңғыру" бағдарламасын және "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясын іске асыру, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Тоғызақ ауылдық кітапханасында "Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасы" атты портрет-кеші өткізілді. Кітапханашы Қазақ жазуының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. Іс-шара "Ұлттың ұлы ұстазы" бейнесюжетімен сүйемелденді, онда қатысушылар ақынның қызметімен танысты. Шара барысында мәдениет қызметкері Л.П. Буркунова "Қанғыру" өлеңін оқыды. Сондай-ақ, "Рухани ағартушылар" атты кітап көрмесі мен әдебиеттерге шолу ұйымдастырылды. Іс-шара соңында кітапханашы қатысушыларға "Ол ар-ождан, дәуір тағдыры" ақпараттық буклетін таратты. |