Жалпыға ортақ тарихтың негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту, барлық этникалық топтарды бір-біріне және қазақ халқына қолдау көрсету арқылы туындаған бірлескен қиындықтарды еске алу мақсатында алғыс күні енгізілді.
Алғыс білдіру - біреуге жақсылығы, мейрімділігі үшін алғыс сезімі.
Осы күні Есенкөл ауылдық кітапханасында «Алғыс күні» деп аталатын акция өтті. Кітапханашы Кириленко В.Н. алғыс күні тек қазақ халқы үшін ғана емес, этникалық топтардың бір-біріне деген ризашылығы екенін айтты.
Станционный ауылдық кітапханасында басқа елдерде алғыс күнін атап өту туралы ауызша журнал өткізілді, сызбалар көрмесі ұйымдастырылды, соңында боулинг жарыстары өткізілді. Және бәрі бір-біріне РАҚМЕТ айтты!
Тоғызақ ауылдық кітапханасында «Алғыс айту күні» акциясы өтті. Кітапханашы Алғыс күнімен кітапханаға келген барлық оқырмандарды құттықтады. Оқырмандарды оқуға және кітапқа бей жай қарамағандары үшін алғыс білдіріп, «тілектер ромашкасын» тапсырды.
Бөрлі ауылдық кітапханасында оқырмандар мен ауыл тұрғындары арасында «Алғыс айтамын!» акциясы өтті. Акцияның мәні - кітапханаға келгендер елге, туыстарына, ата-аналарына алғыстарын білдіру үшін тілектерін жүрекке жазып, оны плакатқа бекіту.
Победа АМҮ-де кітапханашы Скумина Г.Т. және АМҮ басшысы Исмулдина Ж.М. мектеппен бірге алғыс күніне арналған «Тыныштық біздің қолдарымызда болсын» достық фестивалін өткізді. Фестивальдің қатысушылары түрлі диаспоралардың өкілдері болды. Іс шара барысында Украинадан, Белоруссиядан, Азежарджаннан, Татарстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден келген қонақтар ұлттық костюмдерімен тәтті-тағамдарымен сахынаға көтерілді.
Новотроицк ауылдық кітапханасында әкімдікпен бірлесіп, ауылдың және басқа ауылдарының тұрғындары үшін шәйішу ұйымдастырылды. Шайдың басында мереке туралы қысқаша ақпарат берілді, олар өткен өмірін еске алды, ән айтты. Дәстүр бойынша бата берілді. |