1 наурыз – Қазақстан Республикасында Алғыс айту күні. Осы күні Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге "Алғыс айту шексіз" бейнеролигін орналастырды. Алғыс айту күні - бұл рухани дәстүрлердің, мейірімділік және кең жүректіліктің, біздің халқымыздың депортация және қуғын-сүргін жылдарындағыдай бір-бірімен бөлісуге және көмектесуге дайын күні. Реформалар кезінде бүкіл этностар елімізге жер аударылды. Әр түрлі ұлт өкілдері вагондардан тікелей кең-байтақ даламызға түсірілді, оларды өздері мұқтаж болып отырған қазақ отбасылары үйлеріне алып кетті. Біз, берекелі қазақ жерінде тұратын ұлт өкілдері,қазақ халқына қонақжайлық, жылулық пен жайлылық танытқаны үшін шын жүректен "рахмет" айтамыз.