2016 жылы Қазақстанда жаңа мереке –Алғыс айту күні пайда болды. Өмірдегі барлық нәрсе үшін ризашылықпен өмір сүру керек, өйткені ризашылық біздің өмірімізді бақыт пен қуанышқа толтыра алады, өмірде сәттілікке жетуге көмектеседі. Бұл руханият мерекесі және бұл әрқашан адамдарға қажет. Ризашылығын білдіретін адам әрқашан туған және өмір сүретін жерге, осы өмірге әкеліп тәрбиелеген ата-анасына; бір-біріне; бақытқа құрметпен қарайды!
1 наурыз күні Қарабалық аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Мадина Сайранбекқызы Демес М. Сералин атындағы мектебінің қабырғасында «Алғыс –сөздің асылы» акциясын өткізді. Акцияға мектеп мұғалімдері, техқызметкерлер, барлық сынып оқушылары қатысты.
Бүгін мектепте жақсылық пен ризашылық сезімі орнады. Мектеп алаңы әсем безендірілді – шарлар, жүрек-ашық хатар мен құттықтаулар, тәтті сыйлықтар. Ешкім назардан тыс қалған жоқ! Акцияға қатысқаны үшін баршаңызға алғысымызды білдіреміз! Баршаңызға бейбітшілік пен жақсылық тілейміз! |