Туған елінің тарихын тереңірек зерделеу мақсатында Святослав ауылдық кітапханасының кітапханашысы бірінші сынып оқушыларына "Алтын адам туралы аңыз" атты танымдық сағат өткізді. Балалар белгілі тарихи ескерткіштер мен ежелгі жәдігерлер туралы, атап айтқанда Есік қорғанындағы сақ жауынының алтын киімдегі археологиялық олжасы туралы, "Алтын адам" – бұл шартты атау және оны 1969-1970 жылдары академик К. Ақышев Алматы қаласының жақын маңынан тауып алғаны туралы үлкен қызығушылықпен тыңдады. Балалар жауынгердің жасы 17-18 жас шамасындағы, бойы 165 см, ал барлық киім алтын пластиналармен (4 мың) әшекейленгенін білді. Қола және темір қылыштың, сондай-ақ алтын қамшының суреттері ұсынылды. Есік қорғанының қазынасы, оның ішінде дәл көшірмесі, бұрын Алматыда орналасқан Қазақ археология мұражайында, ал енді Астанадағы Қазақстан Республикасының алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайында қойылған. |