25 тамыз күні Қарабалық аудандық орталық кітапханасында "Парасат жолы" жобасы аясында "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" ММ жұмылдыру дайындығы, терроризмнің алдын алу, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нурия Букихановна Сатпаевамен «Алу немесе алмау...?» тақырыбында кездесу өтті. Әңгіме барысында сөз алған Нурия Букихановна Сатпаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға адалдық, парасаттылық, әділдік қағидаттарын қалыптастыру, қажетсіз әкімшілік кедергілерді және сұратылатын құжаттар тізбесін қысқарту, сондай-ақ ел игілігі үшін игі идеялар мен бастамаларды ілгерілету туралы өз көзқарасын білдірді. |