21 ақпан Халықаралық ана тілі күні. Бұл күн бүкіл әлемде жойылып бара жатқан тілдерді сақтау және дамыту, лингвистикалық әртүрлілікті және көптілді білім беруді ынталандыру, сондай-ақ тілдік және мәдени дәстүрлер туралы хабардарлықты арттыру мақсатында атап өтіледі. Қарабалық аудандық орталық кітапханасында "Ана тілі, сен қандай әдемісің" атты әдебиет сағаты өтті. Кітапханашылар М. Горький атындағы орта мектептің 9-сынып оқушыларын Халықаралық ана тілі күнінің пайда болу тарихымен таныстырды. Іс-шара барысында екі сынып арасында шағын турнир өтті. Турнир 4 кезеңнен тұрды: "Бәйге", "Ана тілінің інжу-маржаны", "Ағылшын-орыс", "Эрудит". Балалар әр түрлі тапсырмаларды ойын-сауық түрінде орындай отырып, ана тілінен жақсы теориялық және практикалық білімдерін көрсетті. Іс-шара соңында турнир қатысушылары грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. |