21-қаңтар Халықаралық ана тілі күні қарсаңында «Ана тілі – жүрек үні» атты 9-10-сынып оқушылары арасында үш топ сайысқа түсті. Сайыста 4 кезең ұйымдастырылды. Алғашқысы: «Мақалдың жалғасын тап», «Полиглот», «Кім жылдам (сөздерді жинау)», «Бұл ... шығармасынан (қазақ жазушыларының қанатты сөздерін табу). Іс-шара өте қызықты және танымды өтті. Балаларға кеңінен танылған шығармалардың қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі ш аудармасын табу қиындық тудырмады. Қазақ жазушыларының, ақындарының қанатты сөздерін табу барысында А.Құанабаев, А.Байтұрсынов, Б.Момышұлы, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов сынды көптеген ұлы тұлғалардың көркем әдебиеттері пайдаланды. |