Михайловка ауылдық кітапханасында Қарабалық ауданының 90 жылдығына, сонымен қатар, қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді, өз ауданының өткен тарихын құрметтеуді қалыптастыру мақсатында кітапханашы Л. В. Мартынова "Қарабалық ауданына-90 жыл" атты кітап көрмесін дайындады. Көрмеге фото және баспа материалдары, жергілікті ақындардың өлеңдері, біздің ауданның өткені мен бүгіні туралы газет мақалалары қойылды.
Аудан мерейтойына арналған тағы бір іс-шара Михайлов мектебінде өтті. Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, эстетикалық талғамын және дербестігін кеңейту мақсатында мектеп фойесінде кітапханашының қатысуымен қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Ата-аналар балалармен бірге қиялдарын, іскерліктерін көрсете білді, нәтижесінде ойыншықтар, тоқылған қуыршақтар, фотоальбомдар, табиғи материалдан жасалған бұйымдар, аппликациялар, кесте, тоқылған шұлықтар және балаларға арналған пинеткалар болды. |