2023 жыл Қарабалық ауданының - мерейтойы! Аудан бойынша 95 жылдық мерейтойлық іс-шаралар өткізу басталды. Балалар кітапханасында өлкетану бойынша "Қарабалық туған өлкем" бағдарламасы жұмыс істейді. Осы бағдарлама аясында М. Горький атындағы мектептің оқушылары үшін «Қарабалық жері, мен сені мақтан тұтамын, сені сүйемін!» әңгімелесу сағаты өтті.
Іс-шараның басында кітапханашы балаларды Қарабалық ауданының құрылу тарихымен, ауданның құрамына қандай округтер кіретіндігімен, оның аумағында қанша халық тұратындығымен таныстырды; өзендер мен көлдердің атауларын еске түсірді. Әңгіме барысында балалар біздің өлкеміздегі құстар, жануарлар мен балықтар туралы білімдерімен бөлісті. Балаларға біздің ауданда өсетін және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және дәрілік өсімдіктер туралы білу қызықты болды. Балалар туған өлкенің табиғат ескерткіштері туралы әңгімеге үлкен қызығушылық танытты: Кривули шатқалы, Верен қарағайлы орманы, Тас қақпа және Михайлов мемлекеттік қорығы. Қатысушылар үшін ауылдың көрікті жерлері мен ескерткіштері бойынша мультимедиялық викторина өткізіліп, шағын бейне-серуен өткізілді.
Өлкетану –бұл табиғат, пайдалы қазбалар, ескерткіштер ғана емес, ол біздің өлкемізде тұратын адамдар, олардың көпшілігі ауданымыздың мақтанышы мен абыройы болды. Есте сақтау үшін олар туралы айту керек!
Соңында балалар өз тілектерін жазып, "Мен өз өлкемді неге сонша жақсы көремін?" деген сұраққа жауап беріп, Қарабалық ауданы – ең үздіктердің бірі деген қорытындыға келіп, оларға осында туылу бақыты бұйырды. |