Қазақстанда 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл туралы шешімді БҰҰ Бас Ассамблеясы 1990 жылы қабылдады. Енді жыл сайын, алтын күз мезгілінде біз өз күштері мен білімдерін, денсаулық пен жастық шақтарын өз халқына арнағандарды құрметтейміз. Бұл күні олар үшін ең қымбат сый адамның көңілі мен жылуы болады. Осы мереке қарсаңында Қарабалық аудандық орталық кітапханасында еңбек ардагерлерімен "Қарттарым – асыл қазынам" атты кездесу өтті. Іс-шара барысында ардагерлерге көптеген жылы сөздер мен тілектер арналды, конкурстарға қатысты, ән шырқады және кітапханада жұмыс істеген жылдары туралы еске алды. Жас ұрпаққа ақыл мен кеңес берді. Кездесу жылы және қуанышты жағдайда өтті. |