
12 ақпанда Қарабалық орталық аудандық кітапханасының кітап қоры тағы бір басылыммен толықты, оның авторы ауданымыздың тұрғыны Бостанбаев Жақсылық қажы Міржақыпұлы.
«Ғашура Ана» мешітінің 15 жылдығына орай шығарылған шағын кітап оның құрылысына арналып, мешітке аты берілген біртуар тұлға – Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің үздігі Ғашура Төлегенқызы Жақсыбекованың өмір жолынан сыр шертеді.
Кітапта оның мазмұнын толықтыратын және мешіт өміріндегі маңызды сәттерді көрнекі түрде көрсететін көптеген фотосуреттер де бар.
Сіздерді кітапханамызға келіп, осы бірегей басылыммен танысуға шақырамыз! |