"Парасат жолы" жобасы аясында Тоғызақ ауылдық кітапханасында "Сыбайлас жемқорлық, онымен қалай күресуге болады?" атты іс-шара өтті, оған Тоғызақ ауылы әкімдігінің қызметкерлері шақырылды.
Сыбайлас жемқорлық –бұл біздің қоғамның шұғыл шешімін талап ететін маңызды мәселелерінің бірі. Осы іс-шара барысында кітапханашы Т.И. Престель қонақтарға сыбайлас жемқорлықтың нысандары мен түрлері, осы құбылыстың негізгі себептері туралы түсіндірді, қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттің қабылдаған шараларымен таныстырды.
Ашық диалогқа қатысушылармен мемлекет заңдарын сақтау қажеттілігі, сондай-ақ белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру туралы әңгімелесті. Қызу пікірталас сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында өрбіді.
Іс-шараға қатысушылар үшін "Сыбайлас жемқорлық –қоғамға қауіпі дерт" көрмесіне шолу жасалды, онда кітапханашы қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы аудандық және облыстық басылымдардағы жарияланымдармен таныстырды. |