1992 жылғы 4 маусымда ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және ҚР Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы туралы Заңдарға қол қойды, содан бері бұл күн біздің елімізде ҚР Мемлекеттік рәміздері күні ретінде аталып өтіледі. Осы күнге дейін Қарабалық ОКЖ түрлі іс-шаралар өткізілді. Есенкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы жалпы білім беретін мектеп педагогтарына ҚР рәміздері туралы зияткерлік ойын өткізді. Барлық қатысушылар символика бойынша жақсы білімдерін көрсетті, жеңісті тарих мұғалімі А. Ж. Зиятдинова жеңіп алды.
Михайлов ауылдық кітапханасының оқырмандары үшін "Қазақстан Республикасының рәміздері –ұлттық мақтаныш" кітап көрмесі ұйымдастырылды, оның материалдары біздің еліміз өткен тарихи жолды көрсетеді. Көрме барысында кітапханашы шолу жүргізіп, өзінің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын алу біздің тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы қадамдарының бірі болғанын атап өтті.
Бөрлі ауылдық кітапханасының кітапханашысы стенд ресімдеп, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерімен іс-шара өткізді. Қатысушылар "Мемлекеттік рәміздер", "Ттарих", "Мемлекеттік мерекелер", "Мәдениет және өнер", "Қазақстан қалалары", "Қазақстан географиясы" тақырыптары бойынша еліміздің өткені мен бүгінін көрсететін сұрақтарға жауап берді. Іс-шара өте қызықты және нәтижелі өтті, екі команда да жақсы нәтиже көрсетті.
Станционный ауылдық кітапханасының кітапханашысы ауыл тұрғындары үшін ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған "Бостандық рәміздері = Символы свободы" акциясын өткізді.
Боскөл мектебінің педагогтары үшін ауылдық кітапхананың кітапханашысы ҚР Мемлекеттік рәміздерін білу туралы викторина өткізді. Қатысушылар ҚР Мемлекеттік рәміздері бойынша сұрақтарға белсенді және дұрыс жауап берді. |