Қазақстанда домбыра күні мерекесі шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Осы мереке аясында ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлттық аспаптың тарихымен танысу және патриотизм сезімін тәрбиелеу мақсатында Қарабалық ОКЖ кітапханашылары тақырыптық көрмелер ұйымдастырып, түрлі іс-шаралар өткізуде.
Сонымен, Новотроицк ауылдық кітапханасында «Қасиетті домбыра» атты іс-шарасы өтті. Кітапханашы домбыра және еңбегі сіңген домбырашылар туралы кітаптарға қысқаша шолу дайындап, домбыра тарихы - қазақ халқының мәдениетінің нышаны туралы жайлы айтып берді.
Белоглин ауылдық кітапханасында «Домбыра әуені біздің жүрегімізде естіледі» музыкалық ақпарат сағаты өтті. Мереке құрметіне өнер мектебінің оқушылары домбырада музыкалық шығармаларды орындауда шеберлік пен кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті. Іс-шара өте танымдық және қызықты өтті, онда музыкалық шығармаларды тамашалап қана қоймай, Қазақстанның мәдениеті мен музыкалық мұрасы туралы көбірек білуге мүмкіндік болды.
Есенкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Домбры волшебные звуки» атты әңгіме өткізді. Ол түркі халықтары әлемге сыйға тартқан ең үлкен өнер табыстардың бірі домбыра деп танылғанын айтты. Қатысушылар үшін Абатова Сандуғаш домбырада «Туған жер» әуенін орындады.
Приречнен ауылдық кітапханасында кітапханашы «Сиқырлы домбыра» атты танымдық сабақ өткізді. Балалар музыкалық аспаппен танысты. Қазақтың халық шығармашылығы мен әдет-ғұрыптары туралы әңгімелесті. |