 Святославка ауылдық кітапханасында елорданың 20 жылдығына арналған іс-шара өтті. Іс-шара барысында Ольга Федоровна тоғызыншы сынып оқушыларын Астананың тарихымен таныстырды, балалар виктарина сұрақтарына жауап берді. Елорданың бұрын қалай аталғанын және ол Астана деп қашаннан бастап аталғанын еске түсірді, елордамыз туралы өлең оқыды және флешмоб өткізді. Астанаға ЭКСПО көрмесіне барған оқушылар өз әсерлерімен бөлісті және барлығы фотосуреттер қарады. Іс-шараға мектеп директоры Селезнёва Г.В. және ұйымдастырушы Оленченко А.Н қатысты. |