30 тамыз – Ата Заң күні мерекесі қарсаңында бүгін Қарабалық аудандық балалар кітапханасында құқықтың квиз формасында «Ата Заң – Айбыным» атауымен іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты балаларға Конституцияның не екенін, бастауы қайдан болғанын, қандай өзгерістер болғанын, жалпы өз құқығы мен міндеттерін айқындап, көрсетіп беру болды.
Балаларға кезеңдер бойынша сұрақтар қойылып, сөзжұмбақ шешті. Күлтегін ескерткіштерінен бастап, Жеті Жарғы, хандардың басқару жүйесі барлығы да бейнеролик ретінде көрсетілді. Қазақстан Республикасының Конституция кітабы да екі тілде балалар қолына ұсынылды.
Биылғы жылдың маусым айында болып өткен референдум себебі де түсіндіріліп, заңға қандай өзгерістер енгізілгені де тілге тиек болды. Жалпы Ата Заңды құрметтеу, ондағы өзгерістер мен толықтыруларды біле жүру Қазақстан азаматының міндеті деп есептеймін. Өз құқығыңды, өз бостандығыңды, міндетіңді біле жүр!
|