Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына орай Приреченка ауылдық кітапханасында жасөспірімдермен «Ауған соғысын ұмытуға құқығымыз жоқ ...» атты ақпараттық көрме өткізілді. Кітапханашы соғыстың алғышарттары, соғыс барысы және Ауғанстандағы соғыстың нәтижесі туралы айтып берді. Фотосуреттерді көрсетіп, Ауған соғысына қатысқан жерлестердің өмірбаянымен таныстырды. Ауған соғысында қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Кітапханашы балаларға Ауған жауынгерлерінің батылдығы мен ерлігі туралы кітаптарды оқуды ұсынды. Балалар ақпаратты құрметпен және қызығушылықпен тыңдады, өйткені біз ауған жерінде соғысқан жігіттерді еске алып, тарихты біліп, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылуымыз керек. |