15 ақпан –Ауған соғысына қатысқандар үшін ерекше күн. Бұл Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығарған күн.
Мерейтой күн қарсаңында Тоғызақ орта мектебінің жоғары сынып оқушыларының Ауған соғысының ардагері Сергей Викторович Шевченкомен естелік кездесуі өтті.
Балаларды бәрі қызықтырды: бейбіт ауғандықтар орыстарға көзқарасы қандай болды, қанша рет атуға тура келді, біреуді өлтіруге тура келді ме, жақындары олардың қайда екенін білді ме? Сергей Викторович өз сөзінде өзі туралы, өзінің өмір жолы туралы, әскери ұрыс алаңына қалай түскенін, бірнеше рет оққа ұшқаны туралы айтты. Бұл кездесу оқушылардың жүректерінде өшпес із қалдырды.
Тоғызақ ауылдық кітапханасында «Өшпес естелік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде әскери міндеттерін мінсіз өтеген жауынгерлердің құжаттары ұсынылған. Оқырмандар сол соғыстың куәгері болған авторлардың шығармаларымен, сондай-ақ деректі және көркем шығармалармен таныса алады. |