15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні атап өтіледі. Белоглин ауылдық кітапханасының кітапханашысы рух күшін, батырлық көрсеткендерге құрмет көрсете отырып, "Ауғанстан-біздің естелік пен ауыртпашылық" іс-шарасын өткізді. Іс-шараға соғысқа қатысушы Шарапов Марат Хаерзаманұлы шақырылды. Ол өзінің ауыр қызметі туралы және жас сарбаздардың қандай қиыншылықтан өткендігі туралы айтты. Іс-шара соңында Марат Хаерзаманұлына шағын сыйлық берілді. |