"Рухани жаңғыру"бағдарламасын жүзеге асыру аясында 21 қаңтар күні Қарабалық аудандық орталық кітапханасында"Қаз-қаз балам, қаз балам!"іс-шарасы өткізілді. Бала алғашқы қадам баса бастаған кезде, "Тұсаукесу"деп аталатын рәсім өткізіледі. Баланың аяғындағы тұсауды кесу, оның өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын, жүріп үйренуді, әлемді танып-білуді білдіреді. Бұл рәсім баланың алдағы өмірде сенімді жүруі үшін өткізіледі.