2016 жылғы 18 қарашада Есенкөл ауылдық кітапханасында біздің жерлесіміз, қоғам қайраткері, аса көрнекті ағартушы-педагог Ыбрай Алтынсариннің 175 жылдығына арналған «Қазақ даласының ұлы баласы» атты тақырыптық кеш өткізілді. Іс-шара ауылдық және мектеп кітапханашыларымен дайындалды. Тақырыптық кешке 5-7 сынып оқушылары қатысты. Балалар Ыбрай Алтынсариннің өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырылды, жазушының өлеңдерін оқыды, бейнефильм тамашалады. Іс-шара соңында педагог-жаңашырдың шығармашылығы және өмірбаяны бойынша викторина өткізілді. Іс-шара қатысушыларына «Қазақ халқының дарынды ұлы» жадынама таратылды. Кеш қарсаңында кітапханада Ыбрай Алтынсариннің 175 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты: Ыбрай Алтынсариннің өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстыру, кітап оқуға, поэзияға деген балалар қызығушылықтарын дамыту. |