17 наурыз – бақытты балалар күні "Ер Төстік" жобасының Тұжырымдамасы аясында аудандық балалар кітапханасында "Қазақ ертегілерінің сиқырлы сандықшаы" оқу-ойыны өткізілді. Біздің іс-шарамыздың басты мақсаты: жас оқырмандардың ұлттық құндылықтарын сіңіру, қазақ ертегілерін білу арқылы өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, сондай-ақ әдеби кейіпкерлердің ең жақсы жақтары туралы әңгімелеу арқылы балалардың жақсы қасиеттерін қалыптастыру.
Кездесу барысында балалар ертегілердің пайда болу тарихымен, ертегілердің жанры мен сюжеті бойынша әртүрлі: жануарлар туралы ертегілермен, сиқырлы ертегілермен, батырлық ертегілермен, тұрмыстық, сатиралық ертегілермен танысты.
Мерекенің басты атрибуты -сиқырлы сандықша. Сиқырлы сандықша балаларға сүйікті қазақ ертегілері: "Ер-Төстік","Қарлығаштың құйрығы неге айыр", "Бай-музыкант және Алдар-Көсе" бойынша саяхат жасауға көмектесті, барлығы бірге ертегілер нені үйрететінін, нені мазақ ететінін анықтады.
Содан кейін олар ертегілер бойынша викториналық сұрақтарға қуана жауап берді. "Жылдам арқан", "Қарлығаш", "Бәйге" ойындары қызықты өтті.
Сонымен қатар кітапханашы Қазақстандық ертегілерге шолу жасады. Ал іс-шара соңында балаларды тосын сый күтіп тұрды –әрқайсысына сыйлық! |