Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні –еліміздің жалғыз ұлттық мерекесі. Осы мереке қарсаңында Қарабалық аудандық балалар кітапханасы № 1 орта мектебінің 2 "А" сынып оқушыларын «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» экспресс - викторинасына шақырды. Басында балалар мемлекеттің қалыптасуы туралы бейнеролик тамашалап, біздің Отанымыздың тәуелсіздігі туралы көптеген жаңа фактілер білді. Экспресс-викторинаға қатыса отырып, балалар Қазақстан тарихы бойынша жақсы білімдерін көрсетті, белсенді және ұйымшыл болды. Ұжымдық ойын балалардың бір-біріне көмек көрсете отырып, командада ойнай алатындарын көрсетті. Барлық қонақтар кішкентай мерекелік сыйлықтарға ие болды. |