Жыл сайын 5 қыркүйекте Қазақстанда тілдер күні атап өтіледі. Бұл Қазақстанның барлық халықтары үшін ортақ мереке. Әрбір тіл-бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бір бөлігі, ал әрбір мәдениет – әлемдік өркениетке қосқан баға жетпес үлес. Святославка ауылдық кітапханасында 8 сынып оқушыларына «Қазақстан халықтарының тілдерінде оқимыз» атты танымдық сағат өткізілді. Шара барысында қазақ, орыс , украин тілдерінде өлеңдер оқылды. Баирова Алтынай «Қарым-қатынастың көптеген жолдары бар» екені жайлы өлеңін оқыды. Қазақ лингвистикасының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновты еске алды. Оның ағартушылыққа қосқан үлесі, әдеби мұрасы туралы әңгімелесті. |