24 қазанда Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері оқушыларға арналған республика күніне орай "Қазақстан –менің мақтанышым" ақпараттық сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты – балаларды тәуелсіздік алғаннан кейін Егемен Қазақстанның қалыптасу тарихымен таныстыру, ел тарихына деген қызығушылықты дамыту, балаларға жоғары жауапкершілік пен патриотизмді, Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.
Кітапханашы балаларды мереке тарихымен таныстырды, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңдері туралы хабардар етті. Қорытындылай келе, балалармен "Біз өмір сүріп жатқан Республика" ойын-экскурсиясы өткізілді. |