4 маусымда Қазақстан Республикасы рәміздерінің 30 жылдығына орай ауылдық кітапханаларда түрлі іс-шаралар өтті. Святослав ауылдық кітапханасында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – халықтың рухани бағдары» атты дөңгелек үстел өтті. Елтаңба, Ту және әнұран-елдің саяси тәуелсіздігі мен егемендігінің нышаны. Іс-шараға әр түрлі ұлт пен әр түрлі мамандық иелері қатысты, олардың әрқайсысы өз рәміздерін мақтан тұтады. Отаныңның елтаңбасын, туын және гимнін біліп қана қоймай, оның тарихын тереңнен түсіну қажет. Кітапханашы Мемлекеттік рәміздердің тарихын, бұл рәміздердің қалай пайда болғанын және ғасырлар бойы қандай жолмен өткенін еске алды. «Бірлік пен бейбітшілік рәміздері» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды.
Научный ауылдық кітапханасының кітапханашысы бастауыш сынып оқушыларына арналған «Қазақстан Тәуелсіздігінің мақтаныш рәміздері» ойын – викторинасын өткізді. Викториға қатысушылар белсенді қатысты. Төрт тақырып бойынша түрлі сұрақтар дайындалды: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері», « Бас қала», «Полиглот», «Музыка». Ең көп ұпай жинаған қатысушылар дипломдармен марапатталды. Бұл Шефер Устинья -60 балл, Палинова Кристина және Байтымуратова Дильназ 50 балл жинады.
Бөрлі ауылдық кітапханасының кітапханашысы жоғары сынып оқушыларымен «Символикадағы мақтаныш және патриотизм» тақырыбында викторина өткізді. Іс-шара басында ҚР Мемлекеттік рәміздерінің құрылу тарихы еске алынды. Одан кейін оқушылар Қазақстан Республикасының Туын, Елтаңбасын және Әнұранын жасаушылары мен авторлары туралы сұрақтарға жауап берді.
Бөскөл ауылдық кітапханасында 6 сынып оқушыларымен кітапханашы Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арналған іс-шара өткізді. Әңгіме барысында рәміздер (Ту, Елтаңба, Әнұран) жайлы, елтаңбада, жалауда не бейнеленген, олар нені білдіретіні туралы айтылды. Іс - шара соңында викторина өткізілді.
Мемлекеттік рәміздер бізді Отан тағдырындағы ең маңызды сәттерде - ұлттық мерекелерден бастап спорттық жеңістерге дейін біріктіреді. |